Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ басшысы Тоқаевқа мән-жайды баяндады

Опубликовано:

Жер сілкінісінен кейінгі Алматы
Жер сілкінісінен кейінгі Алматы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ТЖМ басшысы Тоқаевқа ведомствоның жер сілкінісі кезіндегі жұмысы туралы баяндады. Бұл туралы Facebook парақшасында Қазақстан президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматыда болған жер сілкіністеріне байланысты ведомствоның жұмысы туралы баяндады.

"Қаладағы жағдай тыныш, барлық қызметтер бекітілген жоспарларға сәйкес нақты жұмыс істеп жатыр деді.

Президент министрге мегаполис тұрғындарының мүддесі үшін Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін әкім Ерболат Досаевпен және барлық қалалық қызметтермен тығыз қарым-қатынасты жалғастыруды тапсырды", - деп жазды Берік Уәли.

Алматыдағы жер сілкінісі

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды. Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064431-almatydagy-zer-silkinisi-tzm-bassysy-toqaevqa-man-zaidy-bayandady/

pixel