Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"18 жастағы қала тұрғыны": Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғынның жағдайы қандай

Опубликовано:

жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Фото: KAZ.NUR.KZ

Алматы қаласы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев брифинг барысында Алматыда болған жер сілкінісінен бір адам зардап шеккенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен бір тұрғын екі тобығының жабық сынығымен түскен", - деді Нұрлан Атығаев.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері зардап шеккен 18 жастағы қала тұрғыны екенін анықтаған.

Оған шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ем жасалды.

"Диагнозы - оң жақ жіліншік буыны мен табанның көгеруі және созылуы. Науқас тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Алматыдағы жер сілкінісі

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064445-18-zastagy-qala-turgyny-almatyda-zer-silkinisinen-zardap-sekken-turgynnyn-zagdaiy-qandai/

pixel