"Мониторинг жүргізілді": ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісінен кейінгі жағдай туралы айтты
Жарияланған күні:
6 наурыз күні таңертең Алматыда тағы да жерасты дүмпулері тіркелді. ТЖМ қаладағы жағдайдың тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Оңтүстік астанада жер сілкінісі сағат 05:09-да тіркелді.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан 266 шақырым жерде орналасқан – қазақстандықтартек дүмпулерді ғана сезінген.
Алматыда дүмпудің сезілуі 2 балды құрады.
Жерасты дүмпулерінен кейін мамандар аумақтарды бақылауға алды, деп хабарлайды ТЖМ өзінің Telegram-дағы арнасында.
"Патрульдік бағыттар бойынша ештеңе байқалмайды, жағдай тұрақты", - деп хабарлады министрлік.
Алматыдағы жер сілкінісі
Еске сала кетейік, Алматыда 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.
ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.
Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.
Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.
Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.
Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.
Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.
Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064728-monitoring-zurgizildi-tzm-almatydagy-zer-silkinisinen-keiingi-zagdai-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.