Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Нүкенованың ағасы сотта қарындасының көзі көгерген суреттерін көрсетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Айтбек Амангелді Нүкенованың фотосын көрсетті
Айтбек Амангелді Нүкенованың соққыға жығылған фотосын көрсетті. Скриншот: YouTube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сотта марқұмның ағасы Салтанаттың суреттерін көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін 29 наурызда сотта Салтанаттың жалғыз ағасы Айтбек Амангелді сөз алды. Сот отырысында ол Салтанат пен Бишімбаевтың қалай танысқанын айтты.

Сонымен қатар Айтбек өзі куә болған Қуандық пен Салтанаттың бірнеше жанжалы туралы баяндап берді.

Бұдан бөлек, Айтбек Амангелді Салтанаттың беті көгергені түсірілген фотоларын көрсетті. Қарындасы суреттерді ағасына жіберіп, сақтап қоюды сұраған. Айтуынша, бұл оқиға 2023 жылғы наурыз айында болған.

Айта кетейік, 27 наурыздағы сот отырысында Қуандық Бишімбаев прокурордың айыптау актісін жариялағаннан кейін тағы да өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ прокурор Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні не жағдай болғанын баяндады.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075367-saltanat-nukenovanyn-agasy-sotta-qaryndasynyn-kozi-kogergen-suretterin-korsetti/