Бишімбаевтың мәлімдемелерін Салтанат Нүкенованың туыстары қалай қабылдады (фото)
Жарияланған күні:
Экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованың өліміне дейін болған оқиғаларды айтты. Салтанаттың туыстары эмоцияға ерік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованың өліміне дейінгі оқиғалар туралы айтқан кезде оның жанұясы шыдай алмай, эмоцияға ерік берді.
Салтанат Нүкенованың анасы көз жасын тыя алмады.
Сот отырысы барысында жәбірленуші Айтбек Амангелді өзін жайсыз сезінді, судья Айжан Құлбаева сот отырысын 10 минутқа тоқтата тұруды ұсынды.
"Жәбірленуші қанша шыдағанына қарамастан, өзін нашар сезініп тұрған сияқты, 10 минут үзіліс жасайық", - деді судья Айжан Құлбаева.
Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда. Айыпталушылар – күйеуі Қуандық Бишімбаев пен ағасы.
Сотталушы Бишімбаев куәгерлігін жалғастырды. Ол Салтанат қайтыс болған күні не болғанын айтып берді.
Сондай-ақ ол Нүкенованың қайтыс болар алдында өзі құлап, біраз жарақат алғанын айтты.
Сонымен қатар, судья Айжан Құлбаева сотты адастыруға әрекеттенген Бишімбаевтың адвокаттарына шара қолданатынын айтты.
Қуандық Бишімбаев ісі
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.
Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078183-bisimbaevtyn-aitqandaryn-saltanat-nukenovanyn-tuystary-qalai-qabyldady-foto/