Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазасына дейін Нүкенованың аяғы ауыр болды ма: бұл туралы сотта айтылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Астанада өтіп жатқан Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотта куәгерлердің бірі Есіл аудандық жедел жәрдем бригадасының дәрігері Нұрлан Мұхамбеденовтен жауап алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Куәгердің айтуынша, жедел жәрдем бөліміне 2023 жығы 9 қарашада сағат 19.55-те қоңырау келіп түскен.

Жәбірленуші тарап адвокаттары дәрігерден Бишімбаевқа "Нүкенова жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғаны туралы айттыңыз ба" деп сұрады.

"Жоқ, ол келмеді, дәлізде жүрді. Мен Байжановқа жедел жәрдем келгенге дейін кісі өлімі болғанын айттым", - деді ол.

Дәрігер марқұмның төлқұжат бойынша мәліметтерін сұрағанын айтты.

"Сондай-ақ мен нақтылау үшін аяғы ауыр ма деп сұрадым. Ол (Байжанов – ред. ескерт.) кетіп қалды да, қайта айналып келіп жүкті емес екенін айтты", - деді куәгер.

Айта кетейік, 8 сәуірде әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасты.

Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары оның қойын дәптеріне Нүкенова жазған "қолхатты" оқыды. Бишімбаевты қорғаушылардың бұл айғағы судьяны таңғалдырды.

Сондай-ақ сотта Бишімбаев жедел жәрдем шақырмай, неліктен көріпкелге хабарласқаны, Нүкенованы мейрамханада шашынан сүйрегені туралы сұрақтарға да жауап берді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081063-qazasyna-deiin-nukenovanyn-ayagy-auyr-boldy-ma-bul-turaly-sotta-aityldy/