Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот-медициналық сарапшы Бишімбаев Нүкенованы қылғындырған болуы мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда. Бүгін сотта куәгерлерден жауап алу жалғасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сотта сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сөйледі. Оған Нүкенованың мойын тұсынан анықталған жарақаттар жөнінде сұрақ қойылды. Прокурор "Ол жарақаттар Салтанаттың өміріне қауіп төндірген бе және оның өлімге әкеп соқтыруы мүмкін бе?" деп сұрады.

"Мәйіттің денесінде мойын аймағында екі сопақша із анықталды. Көлемі кішігірім. Сол жағында мойынның жоғарғы, ортаңғы және төменгі үштен бір бөлігі деңгейінде қанталаған жерлер анықталды. Мәйіттің денесінде көз шелінде, өкпе қабы астында қан құйылғаны анықталды, ең бастысы – мойын аймағында бұлшықет қабатында қан құйылған.

Мұның бәрі мойынның қысылу фактісін көрсетеді. Бұл фактіні көрсететін жарақаттар. Мұның бәрі механикалық асфиксияға тән жарақаттар тізіміне енгізілген. Яғни, жәбірленушіде асфиксия фактісі бар", - деп түсіндірді сарапшы.

Содан кейін судья: "Басынан жасалған соққыдан бөлек, жәбірленушіні қарапайым сөзбен айтқанда қылғындырған ба?". Медициналық сарапшы бұл тұншығу белгілері екенін айтты.

Бұдан кейін сарапшыға "Нүкенова қарсылық көрсете алар ма еді немесе біреу-міреуді көмекке шақыра алар ма еді?" деген сұрақ қойылды.

"Жәбірленушінің қозғалуы, жүруі, айқайлауы, көмекке шақыруы екіталай еді. Ол бұл кешен қалыптасқан кезде ол мұны істей алмаған. Бірінші, екінші, үшінші (соққыдан - автордың ескертпесі) кейін істей алар еді, бірақ жиынтық дамыған кезде, ол белсенді, мақсатты әрекеттерді жасай алмады", - деп түсіндірді сарапшы.

Сонымен қатар сарапшыдан "Нүкенованың бас-ми жарақатынан кейін өлімге дейін жағдайы қорылдаумен қатар жүруі мүмкін бе?" деп сұралды.

"Мұнда бұл жарақат пен асфиксия құбылысы (мойынның қысылуы – автордың ескертпесі) сөзсіз, жедел тыныс жеткіліксіздігі қатар жүрген – бұл осыған тән. Жедел тыныс жеткіліксіздігі дамуымен тыныс алу бұзылады, оны қорыл деп қабылдап қалуға болады, бірақ ол ұйықтап жатқан адамның қорылы емес.

Ұйықтап жатқан адамның қорылы жүйелі, тыныш қорыл, бұл үшін медицинаны білудің де қажеті жоқ, мұндайда адамның ұйықтап жатқанын кез келген адам түсінеді. Ал мынандай қорыл болған кезде, ол тұншығып жатады, оған ауа жетпейді. Бұл қырыл, мұны қорыл деп айта алмаймыз, адам қырылдап жатыр", - деді сарапшы.

Сол кезде судья "Адам қорыл мен қырылды ажырата ала ма?" деп сұрады.

"Адам жанталасып қырылдаған кезде оны қорылдау деп атауға болмайды. Қорыл жүйелі, тыныш болады", - деді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, мұндай жарақат алып азаптанып жатса өлім аузында жатқан адам жарақаттың ауырлығына қарай, бір сағат та, 6-8 сағат та қырылдауы мүмкін.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-тегі арнасынан көруге болады.

Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081504-sot-medicinalyq-sarapsy-bisimbaev-nukenovany-qylqyndyrgan-boluy-mumkin-ekenin-aitty/