Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл процесті созу әрекеті ме": судья Бишімбаевтың адвокатына ескерту жасады

Опубликовано:

Сот залы
Сот залы. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен "Гастроорталық" директоры Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып отыр. Бишімбаев әйелін өлтірді деп айыпталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сөз сөйлеп тұрған. Жауап алу кезінде Бишімбаевтың адвокаты Нүкенованың алкогольге сәл мас күйде болғаны оның құлап қалуына әсер еткенін я әсер етпегенін анықтауға тырысқан. Дегенмен бұған дейін сарапшы "жеңіл дәрежедегі алкогольге мас күйде адам өлімге әкеп соғатындай мұндай жарақаттар ала алмайды" деп жауап берді.

Судья бұл мәселені қараусыз қалдырды. Бірақ Бишімбаевтың адвокаты судьямен дауласып қалды. Содан кейін Бишімбаевтың қорғаушысы тағы бір сұрақ қойды, алайда судьяның пікірінше, бұл сұраққа бұған дейін жауап берілген және оның өзектілігі жойылған.

"Сіз сұрақ қоя отырып, судьямен дауластыңыз. Ал сіздің екінші сұрағыңыз бірінші сұрақтың жауабы. Енді айтыңызшы, дау неден туындап отыр, қорғаушы тарап? Сотта дауыс көтеріп сөйлеудің қажеті жоқ.

Бұған дейін бұл сұрағыңызға сарапшы жауап бергенін білдіңіз. Ал екінші сұрағыңыздың жауабы – сарапшыға қойған бірінші сұрағыңыздың жауабымен тең. Сіз сот процесін созып жатырсыз ба? Мұны қалай түсінуге болады?" - деді судья.

Кейін судья Бишімбаевтың адвокатын тиісті сот актісі қолданылатыны туралы ескерту жасады.

"Егер осылай қайталанатын болсаңыз, сотта дауыс көтеріп, тәртіп бұзып, құрмет білдірмесеңіз, сот тиісті сот актісін қолдану туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады", - деді судья.

Осыдан соң адвокат сот сарапшысының келесі сұрақтарына көшті.

Бүгін түске дейін Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы жалғасқан болатын. Түстен кейін сот отырысы қайта жалғасты.

Сотта Нүкенова қаза болған түні жұмысшы мен BAU қызметкерінің алмасқан хаты оқылды.

Кейін Нүкенова қайтыс болған күні мейрамханада Бишімбаевтан жауап алған сәттің видеосы көрсетілген еді.

Сондай-ақ сот отырысы барысында сот-медициналық сарапшы Бишімбаев Нүкенованы қылғындырған болуы мүмкін екенін айтқан.

Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081678-bul-procesti-sozu-areketi-me-sudya-bisimbaevtyn-advokatyna-eskertu-zasady/

pixel