Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақ апатын түсірген блогер Азамат Сәрсенбаевты полиция ұстады

Жарияланған күні:

Ақтауда ұсталған блогер
Блогер Азамат Сәрсенбаев. Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev

Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерді видеоға түсірген блогер Азамат Сәрсенбаевтың ұсталуына қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
ДСМ: Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 азамат отанына аман-есен жеткізілді

Блогер өзінің Facebook-тегі парақшасында қамауға алынғаны туралы хабарлады.

"Мені полицейлер ұстады. Ақтау полиция басқармасына бара жатырмын. Ұшақ апаты болған жерді түсіргенім үшін ұстаған сияқты. P/S. Қазір бүкіл әлемдік БАҚ менің фотосуреттерімді қолданып жатыр", - деп жазды Сәрсенбаев.

Полиция департаменті блогердің ұсталу себебін түсіндірді. Ведомство мәліметінше, Азамат Сәрсенбаев оқиға орнына дрон ұшырып, құтқару қызметінің жұмысына және жедел-іздестіру іс-шараларына кедергі келтірген. Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.

"Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін азамат С.А. ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп хабарлады департамент.

Еске салайық, бұған дейін блогер өзінің Instagram-дағы парақшасында ұшақ құлаған жерден бірнеше фотосурет жариялаған болатын.

Бүгін, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Маңғыстау облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 желтоқсан күні сағат 10:58-де 1-ші санатты жедел жәрдем шақыру түскен. Оқиға орнына 22 жедел-жәрдем бригадасы жіберілген.

Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы нақтыланған деректерді жариялады. Ұшақ бортында 69 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі.

Бортта 49 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызтан азаматы болған. 28 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде екеуі бала.

Апатқа байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жедел желі іске қосты.

Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатып, Ақтау маңына құлаған ұшақ бортында болған жолаушылар тізімін жария етті.

Сондай-ақ Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандардың тізімі және экипаж мүшелерінің тізімі шықты.

Ақтауда жаңажылдық шырша жағу шарасы ұшақ апатына байланысты өтпейтін болды.

АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жалпы апат орнынан 29 адам облыстың медициналық мекемелеріне жеткізілген. Олардың 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 27 адамның 11-інің жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр.

Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала жеткізілді. Екеуіне де ота жасау жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205015-ushaq-apatyn-tusirgen-bloger-azamat-sarsenbaevty-politsiia-ustady/