jitsu gif
Спорт

    Бексұлтан Боранбек ел қоржынына бесінші алтын жүлдені салды

    Бексұлтан Боранбек
    Бексұлтан Боранбек. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстандық боксшы Бексұлтан Боранбек жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    51 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бексұлтан Боранбек финалда колумбиялық Муневар Морено Джастинге қарсы кездесу өткізді.

    Бексұлтан Боранбек аталмыш турнирдің 1/8 финалында ресейлік Анатолий Ребеждюкті, ширек финалда молдовалық Максим Чернелюді, ал жартылай финалда ирандық Мехди Каземиді жеңді.

    Айта кетейік, кеше, 2 қарашада Будвада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жігіттер арасында Төрехан Сабырхан (67 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), қыздар арасында Аружан Зейноллаева (81 кг) өнер көрсетіп, үшеуі де алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Сондай-ақ бүгін, 3 қарашада Элянұр Тұрғанова (50 кг) алтын медаль жеңсе, Ұлдана Таубай (66 кг) күміс медальге қол жеткізді.

    Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 5 алтын, 1 күміс, 10 қола жүлде бар.

    Бексұлтан Боранбек ел қоржынына бесінші алтын жүлдені салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.