jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Сағындық Тоғамбай этникалық қазақты жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

    Мадияр Саидрахимов пен Сағындық Тоғамбай
    Мадияр Саидрахимов пен Сағындық Тоғамбай. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Қазақстан құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сағындық Тоғамбай 92 кг салмақ дәрежесіндегі ширек финалда жекпе-жек өткізді. Оның қарсыласы Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов болды. Үш раундқа созылған тартысты бәсекеде Сағындық 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай – Азия чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері. Ал Мадияр Саидрахимов – әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ дүниежүзілік әскери ойындардың жеңімпазы.

    Бүгін, 6 желтоқсанда тағы 4 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының ширек финалында жұдырықтасқан еді. Санжар Тәшкенбай тәжікстандық Мехрон Шафиевті жеңді. Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Асылбек Жалиловқа есе жіберіп, жарысты аяқтады. Ал Махмұд Сабырхан Шри-Ланка өкілі Джаятнатх Кумардан басым түсті. Сондай-ақ Мұхаммедсабыр Базарбайұлы таиландтық Сомчай Вонгсуваннан жеңіліп, жартылай финалға өте алмады.

    Сағындық Тоғамбай этникалық қазақты жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.