Азия ойындарында дзюдодан ел намысын қорғап жатқан Абылайхан Жұбаназар жарыстың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бахрейн өкілі Аскерби Гербековті иппон әдісімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін дзюдошылар Данияр Шамшаев пен Эсмигул Куюлова Азия ойындарының қола жүлдесі үшін күресетінін хабарлаған едік.
Ал кеше, 24 қыркүйекте Абиба Әбужақынова дзюдодан ел қоржынына күміс жүлде түсірсе, Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ қазақстандық мерген Никита Черюкин Азия ойындарының финалына жолдама алған болатын.
Оған қоса қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин да Азия ойындарының финалына шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037979-aziada-2023-dzyudosy-abylaixan-zubanazar-zartylai-finalga-syqty/