Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 900-ден асты
Жарияланған күні:
Түркиядағы күшті жер сілкінісінен қаза болғандар саны 900-ден асты, бес мыңнан астам азамат зардап шекті. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазіргі уақытта 912 адам қаза тапты, 5385 адам жарақат алды. 2470 адам құтқарылды", - деді Ердоған.
Ел президентінің айтуынша, қазір қаза тапқандардың нақты санын болжау қиын.
"Біз бұл апатты ең аз адам шығынымен еңсереміз деп үміттенеміз", - дейді Түркия басшысы.
Ол сондай-ақ түрлі қалаларда 2818 ғимараттың қирағанын хабарлады.
Еске сала кетейік, кеше түнде Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 бал болатын күшті жер сілкінісі тіркелді.
Жерасты дүмпулері тек Түркияда ғана емес, көршілес Сирия мен Ливияда да сезілді. Жер асты дүмпуі салдарынан ғимараттар қирады.
Бұған дейін төтенше жағдай салдарынан кем дегенде 500 адам қаза тапқаны туралы хабарланған.
Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдаған болатын. Ол түрік халқына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Жақын арада Түркия үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008244-turkiyada-zoiqyn-zer-silkinisinen-qaza-bolgandar-sany-900-den-asty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.