Ирандағы мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 40-қа жетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясында орналасқан "Шаджаре Тайебе" қыздар бастауыш мектебіне жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 40-қа жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Иранның Минаб қаласындағы мектепке жасалған шабуылдан 40 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алды", - деп хабарлады жергілікті билік IRNA агенттігіне.
Еске салсақ, 27 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иран төңірегінде шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған болатын.
Ал 28 ақпанда Израиль қорғаныс министрлігі ЦАХАЛ Иранға алдын ала соққы жасағанын хабарлады.
Артынша Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастағанын мәлімдеді.
Көп ұзамай Иран өзіне жасалған шабуылға жауап ретінде Израильге қарай ондаған зымыран бағыттады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ирандағы Қазақстан азаматтары туралы ақпарат берді. Қолда бар деректерге сәйкес, Иранда Қазақстан Республикасының 96 азаматы бар.
28 ақпанда Қазақстанның барлық күштік құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді.
Сондай-ақ Қазақстан Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Иран, Израиль мен басқа да бірқатар ел арқылы ұшақтардың ұшуын толық тоқтатты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2348707-irandagy-mektepke-zhasalgan-shabuyldan-qaza-tapqandar-sany-40-qa-zhetti/