Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: оқиға хронологиясы

Жарияланған күні:

Ұшақ апаты орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар
Ұшақ апаты орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Фото: ТЖМ

Бүгін Ақтау маңында болған қайғылы оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірді. Әзербайжанның Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы Баку – Грозный рейсін орындау кезінде апатқа ұшырады. KAZ.NUR.KZ тілшісі апатқа қатысты оқиғалар тізбегін ұсынады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
ДСМ: Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 азамат отанына аман-есен жеткізілді

11.00

Әзербайжан әуе жолдарының басқармасы төтенше жағдайда Ақтау әуежайына қонуды сұраған.

11.25

Ұшақ Ақтау әуежайына қонуы тиіс болатын.

11.30

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының орталығынан үш шақырым жерде ұшақтың құлағанын хабарлады. Оқиға орнына жедел топ жіберілді.

11.45

Ұшақ құлаған кезде бортында өрт шыққаны белгілі болды.

12.01

Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, ұшақ апатынан аман қалғандар бар екені хабарланды.

12.05

Өрт толығымен сөндірілді.

12.20

ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова санитарлық авиация рейстері арқылы дәрігерлер, травматологтар және нейрохирургтер апат орнына жіберілетінін мәлімдеді. Министрлік расталмаған дерек бойынша алты адамның тірі қалғанын хабарлады.

12.22

Azerbaijan Airlines компаниясы мәлімдеме жасады. Онда Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы облыс орталығынан үш шақырым жерде апатты жағдайда қонғаны айтылған.

12.42

BAZA Telegram арнасы ұшақтағы жолаушылардың тізімін жариялады. Тізімде 67 адам болған.

12.50

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай апат орнына барды.

12.51

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

12.56

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев оқиғаны тексеру үшін Қазақстанға арнайы мемлекеттік өкілдерді жіберді.

12.58

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақ бортында 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан және 16 Ресей азаматы болғанын хабарлады.

13.00

Ұшақ апатынан аман қалған жолаушылар түсіп қалған видео жарияланды. Кадрда оқиға куәгерлерінің жолаушыларға көмек көрсетіп жатқанын көруге болады.

13.02

Flightradar24 сайтында апатқа ұшыраған ұшақтың қалай ұшқаны көрсетілген кадрлар пайда болды: бір сәтте әуе кемесі Ақтау әуежайына қарай бет алды, бірақ оған жетпей, Каспий жағалауына жақын жерде апатқа ұшырады.

13.03

Ұшақ апатынан аман қалғандардың саны белгілі болды - алдын ала мәліметтер бойынша 25 адам тірі екені анықталды. Оның 22-сі ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігіне жеке құрамның 150 адамы, 45 бірлік авариялық-құтқару техникасы, ЖПҚ, ДП жұмылдырылды.

13.05

Ресей авиация агенттігі оқиғаның себептеріне қатысты мәлімдеме жасады.

"Алдын ала ақпарат: құстармен соқтығысқаннан кейін, ұшақ бортындағы төтенше жағдайға байланысты оның командирі балама аэродромға "қонуға" шешім қабылдады - ол Ақтауды таңдады", - делінген хабарламада.

13.13

Әзербайжанның Report.az басылымы елдің жедел штабына сілтеме жасап, әуе экипажы, алдын ала мәліметтер бойынша, Embraer 190 AZAL ұшағы Қазақстанда құлаған кезде аман қалмағанын хабарлады.

13.15

Көлік полициясы басқармасы Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағының апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.

13.24

ҚР Көлік министрлігі Ақтау әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

13.30

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақ апатына байланысты ТМД елдерінің бейресми саммитінен Ресейден Бакуге қайтып келе жатқаны белгілі болды. Елдің вице-президенті Мехрибан Әлиева да қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, жазба жариялады.

13.35

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны 28 адамға жетті.

13.37

Қазақстанда ұшақ апатының себептерін тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі болды.

13.38

Медициналық мекемелерге 29 адам жеткізілді, олардың қатарында 2 бала бар.

13.55

AZAL әуе компаниясының J2-8243 Баку-Грозный рейсі жолаушылардың тізімі Azerbaijan Airlines Telegram-каналында жарияланды.

14.03

Әзербайжанда ұшақ апаты туралы қажетті ақпаратты алу үшін сенім телефоны ашылды. Мына телефондарға хабарласуға болады: (+994) 12 5048280, (+994) 12 5048202, (+994) 12 5048203.

14.05

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнында төрт адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

14.16

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі, алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

14.26

Қазақстанның бас прокуратурасы Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерге арнайы прокурорларды жіберді. Оқиғаға қатысты қылмыстық істі қадағалап отырған Бас көлік прокуроры да үкіметтік комиссия құрамында оқиға орнына ұшып кетті.

14:30

Ұшақ апатынан аман қалғандардың тізімі жарияланды. 29 адамның арасында екі бала бар.

14.36

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты жедел желіні іске қосты. Оларға 8-7172-55-96-2, 8-7172-55-96-83, Ақтау қаласы бойынша 8-7292-31-90-91 телефондары арқылы хабарласуға болады.

14.49

Ресейдің тергеу комитеті Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

15.03

Денсаулық сақтау министрлігі аман қалғандардың жағдайы туралы айтты. Жалпы апат орнынан 29 адам облыстың медициналық мекемелеріне жеткізілген. Оның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті.

Министрліктің мәліметінше, 27 адамның 11-інің жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала жеткізілді. Екеуіне де ота жасау жоспарлануда.

15.15

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстарын ішкі істер министрі бақылауға алды.

15.31

Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.

15.59

Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа мәлімдеме жасап, қаза тапқандар саны нақтыланып жатқанын хабарлады.

16.30

Үкімет басшысы Тоқаевқа Ақтауда болған ұшақ апатына байланысты есеп берді. Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204964-aqtau-mangyndagy-ushaq-apaty-oqiga-hronologiiasy/