jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: зардап шеккен екі адам көз жұмды

    аурухана
    Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

    Щучинсктегі кафеде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

    Ақмола облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі соңғы екі күнде Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмғанын хабарлады.

    "Дәрігерлердің оларды аман алып қалудағы күш-жігеріне қарамастан, ауыр халдегі тағы екі адам қайтыс болды: 8 наурызда "Авиценна-Бурабай" стационарының жансақтау бөлімінде жатқан пациент қайтыс болды, ал 9 наурызда Көкшетау облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатқан адам көз жұмды", - деді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.

    Ведомство өкілдері ақмолалық дәрігерлер зардап шеккендерді аман алып қалу үшін күресті жалғастырып жатқанын және медициналық көмек толық көлемде беріліп жатқанын атап өтті.

    Щучинскте болған төтенше жағдай

    Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 27 ақпанында Щучинск қаласындағы кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Бастапқыда оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адамның қаза тапқаны хабарланды. Кейінірек қаза тапқандар саны 7 адамға дейін өскені белгілі болды. Қаза тапқандардың бірі кәмелет жасына толмаған.

    Ақмола обылыстық ТЖД жариялаған кейінгі мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылған. 28 адам зардап шеккен, олардың 13-і ауруханаға жатқызылған. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр және аса ауыр хәлдегі 4 пациент жатқанын хабарлады. 3 пациент травматология бөлімінде, 8 адам амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген. 6 пациент Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға эвакуацияланған.

    Өңір әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге, зардап шеккендерге 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

    3 наурызда Бурабай ауданы әкімдігінің өкілдері Щучинск қаласындағы "Центр плова" кафесіндегі жарылыс пен өрттен қаза тапқандар саны өскенін мәлім етті. Ауруханада жатқан ер адам көз жұмған.

    Сондай-ақ 2 наурызда жарылыс болған кафе иесі ұсталып, екі айға қамауға алынды.

    Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: зардап шеккен екі адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.