Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Нүкенованың өлімі: бірден 12 сараптама тағайындалған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша қандай тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Талғат Уәлидің айтуынша, қылмыстық іс аясында Салтанат Нүкенованың денесіне сараптама жасау туралы материал келіп түскен.

"Өлімнің мән-жайы туралы айта алмаймыз. Қылмыстық іс аясында 12 сараптама тағайындалды, оның 10-ы аяқталды. Бір сараптама осы аптада аяқталады. Ал 12-ші сараптама кеше ғана келіп түсті", - деді ол.

Ресми өкіл жақында ғана тағайындалған сараптама заңда белгіленген мерзімде жүргізілетінін атап өтті.

"Заң бойынша 30 күнтізбелік күн белгіленген, осы уақыт аралығында сараптама жүргізіледі", - деді Талғат Уәли.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевқа қатысты істің қай сатыда екенін айтқан болатын.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Қарашаның 15-інде мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова зорлық-зомбылық туралы заң жобасын шұғыл түрде мәжіліске енгізуді талап етті.

Ал қарашаның 26-сында Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы санкцияланған митинг өтіп, оған қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы да қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051961-saltanat-nukenovanyn-olimi-birden-12-saraptama-tagaiyndalgan/