Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы афтершок Түркиядағы жер сілкінісі сияқты қатты болуы мүмкін бе: сейсмолог жауап берді

Опубликовано:

Хатай қаласындағы қираған ғимарат
Жер сілкінісі болған Хатай қаласындағы қираған үй. Фото: Burak Kara/Getty Images

Сейсмолог Нұрсәрсен Өзбеков жер сілкінісінен кейінгі афтершоктар Түркиядағы сияқты жойқын болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы ол Алматы қаласындағы сейсмологиялық жағдай туралы брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Түркияда жер сілкінісінен кейін бірнеше қатты дүмпу болды. Бұл - сол аймақтағы жер қыртысының ерекшелігі. Біздің жағдайымызға келер болсақ, негізгі дүмпу кезінде қуат бөлініп, кейінгі сілкініс кезінтер негізгі дүмпуден күшті болмаған.

Бұл аймақтардың ерекшелігі - бастапқы сілкініс қатты, ал одан кейінгілердің күші бәсеңдеу болады. Соңғы сейсмикалық құбылыстар бөлінген қуаттан 10 мыңнан миллион есеге дейін аз болды", - деді Өзбеков.

Алматыдағы жер сілкінісі

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат берді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы мемлекет басшысына Алматыдағы жағдай туралы баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064442-almatydagy-aftersok-turkiyadagy-zer-silkinisi-siyaqty-qatty-boluy-mumkin-be-seismolog-zauap-berdi/

pixel