Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен кейін жедел желіге 259 қоңырау соғылған

Опубликовано:

Жедел желі операторлары
Жедел желі операторлары. Фото: ТЖМ

Алматы қаласы мен көршілес екі облыстағы ТЖД тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Тұрғындардан 250-ден астам қоңырау түсті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облысы ТЖД жедел топтарының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Жедел желі телефонына ақпараттық сипаттағы 259 қоңырау түсті", - делінген ведомствоның Telegram-дағы арнасында.

Алматыдағы жер сілкінісі

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада дабыл қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат берді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы мемлекет басшысына Алматыдағы жағдай туралы баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064535-qazaqstannyn-ontustik-sygysyndagy-zer-silkinisinen-keiin-zedel-zelige-259-qonyrau-sogylgan/

pixel