Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жойқын жер сілкінісі болса, қалпына келтіруге қанша қаражат кетуі мүмкін: министр пікірі

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Көрнекі сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Үкіметте өткен брифингте ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жойқын жер сілкінісі болған жағдайда Алматыны қалпына келтіруге қанша қаражат кетуі мүмкін деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Нұрлан Байбазаров Алматыдағы жағдай үкіметтің бақылауында екенін айтты.

"Әрине, үкіметтің резерві бар және ол жыл сайын өзгереді. Бұл резерв төтенше жағдай кезінде ол бірінші кезекте техногендік апаттар мен басқа да ықтимал апаттардың салдарын жоюға жұмсалады. Бірақ Алматыда мұндай апат болмайды деп үміттенеміз", - деді ол.

Министрдің айтуынша, қазір әкімдік тексеру жүргізіп, қай жерде, қанша нысан және неден зардап шеккенін анықтап жатыр.

"Егер осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен көмек қажет болса, біз, әрине, үкіметтік резервтен ғимараттарды қалпына келтіруге тиісті көмек көрсетеміз.

Алматы – еліміздің ең ірі экономика, қаржы орталығы. Қазір Алматыны бағалау қиын. Бірақ, әрине, Алматы – еліміздің өлшеусіз байлығы", - деп түйіндеді сөзін министр.

Алматыдағы жер сілкінісі

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада дабыл қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат берді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы мемлекет басшысына Алматыдағы жағдай туралы баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064596-almatyda-zoiqyn-zer-silkinisi-bolsa-qalpyna-keltiruge-qansa-qarazat-ketui-mumkin-ministr-pikiri/

pixel