Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік өзара тең тарқасты

Жарияланған күні:

шахматшы
Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Азия ойындарында шахматтан жеке сында өзара тең тарқасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әзірше Бибісара Асаубаева 3 жеңіс, 1 тең нәтижемен 3-орында, Жансая Әбдімәлік 3 жеңіспен 5-орында тұр.

Ал ерлер бәсекесінде Ринат Жұмабаев Моңғолия шахматшысы Ган-Ердене Сугармен, Қазыбек Нөгербек Иран өкілі Сейедмохаммадамадамин Табатабаеймен тең түсті.

Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге бір күміс, бес қола иеленді.

Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдесіне ие болды.

Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін түсірді.

Оған қоса жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038201-aziada-2023-bibisara-asaubaeva-men-zansaya-abdimalik-ozara-ten-tarqasty/