jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Қазақстандық регбишілер Азия ойындарында үздік бестікке ілінді

    Регбишілер жарыс кезінде
    Регбишілер жарыс кезінде Фото: olympic.kz

    Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Ханчжоудағы Азия ойындарында 5 орынды иеленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық спортшылар Азия ойындары аясында Сингапур құрамасымен кездесті. Отандастырымыз қарсыласын 50:0 есебімен жеңіп, Азиаданың үздік бестігіне енді.

    Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге бір күміс, бес қола иеленді.

    Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдесіне ие болды.

    Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін түсірді.

    Оған қоса жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанды.

    Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

    Қазақстандық регбишілер Азия ойындарында үздік бестікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.