Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерке, Қыран, Жанар мен Кәмшат": биыл шаңырақ көтеріп, жаңа өмірге қадам басқан танымал жұлдыздар кім (фото, видео)

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова күйеуімен
Әсел Сәдуақасова күйеуімен. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

2023 жыл шоу-бизнес жұлдыздарының бағы жанып, оларға отбасылық өмірде сәттілік алып келді. KAZ.NUR.KZ биыл шаңырақ көтеріп, отбасы құрған жұлдыздар тізімін назарыңызға ұсынады.

Ерке Есмахан

2023 жылдың қаңтарында танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан көпшілікті қуанышты жаңалығымен таңғалдырды.

Раим мен Ерке Есмахан
Раим мен Ерке Есмахан. Фото: instagram/erke_esmahan

Әнші өнердегі әріптесі, тыңдармандарына Раим лақап есімімен танылған Райымбек Бақтыгереевпен мұсылманша неке қидырды.

Ерке Есмахан мен Райым
Ерке Есмахан мен Райым. Скриншот: Instagram.com/erke_esmahan

Жұлдызды жұптың бұл шешімі жас айырмашылықтары үшін қоғамда қызу талқыға түсті.

Алайда өз таңдауын жасаған Ерке мен Раим жақында ұлды болды.

Ерке Есмахан мен Райм ұлымен
Ерке Есмахан мен Райм ұлымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Кәмшат Жолдыбаева

Биыл наурыз айында отандық әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салғаны белгілі болды.

Кәмшат Жолдыбаева сырға салу
Кәмшат Жолдыбаева. Скриншот: Youtube/@ShowBusinessKazakhstan

Ал әншінің ұзатуынан кейін бірнеше күн өткенде Кәмшат Жолдыбаеваның басына ақ орамал салған сәттің видеосы желіге тарады. Кәмшат Жолдыбаева отандық актер Ғазрет Қажымұқанұлының үйіне келін болып түскен.

Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы
Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы. Скриншот: Instagram/qaz.stars

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары отандық өнер саласында жаңа жұптың пайда болғанын жарыса жазып, көпшілік Кәмшат Жолдыбаеваның актер Ғазрет Қажымұқанұлымен кездесіп жүргенін болжаған болатын.

Жанар Дұғалова

Қазақстанның танымал әншісі, актриса Жанар Дұғалова наурыз айында сүйгеніне ұзатылды. Той соңында әншіні өнердегі әріптесі Мадина Сәдуақасова болашақ жұбайына ұзатып салды.

Дұғалова ұзатуы
Жанар Дұғалова, Мадина Сәдуақасова. Скриншот: instagram.com/sadvakasovamadina

Кейінірек әншінің таңдауы түскен күйеу жігіттің кім екені анықталды.

Жанар Дұғалова жұбайымен
Жанар Дұғалова жұбайымен. Скриншот: @ShowBusinessKazakhstan

Ал күзде Жанар Дұғалованың аяғы ауыр екені желіге тараған видео арқылы көпшілікке белгілі болды. Алайда өнер иесі босанғаны жайлы ресми мәлімдеме жасамады.

Әсел Сәдуақасова

Биыл маусым айында 38 жастағы актриса Әсел Сәдуақасова да өзінен 7 жас кіші сүйіктісіне тұрмысқа шықты.

Әсел Сәдуақасова күйеуімен
Әсел Сәдуақасова күйеуімен. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Кейінірек күйеу жігіт Мағжан Тілеухановтың маркетолог әрі блогер Арман Юсуповқа тиесілі "Поток" жобасының негізін қалаушы екені анықталды.

Әсел Сәдуақасоваға сырға салды
Әсел Сәдуақасова сторис. Скриншот: instagram.com/asselsadvakassova

Ал жақында Әсел Сәдуақасова отандық бағдарламада сұхбат беріп, жүктілігін жиырмасыншы аптасында дәрігерлер кеңесімен тоқтатуға мәжбүр болғанын айтты.

Гүлназ Жоланова

Қазақстандық танымал актриса Гүлназ Жоланова да биыл ақпан айында сырғалым атанды. Талай жігіттің арманына айналған арудың өміріндегі маңызды оқиға жайлы көпшілікке әнші Ерке Есмахан мәлім етті.

Гүлназ Жоланова
Гүлназ Жоланова. Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz

Кейінірек БАҚ-та Гүлназ Жоланованың жолдасы белгілі кәсіпкер, Өскемен қаласындағы бірнеше мейрамхана мен қонақ үйлердің иесі Мұхтар Тойбазаровтың ұлы екені жайлы ақпарат тарады.

Гүлназ Жоланова
Гүлназ Жоланова. Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz

Желіде Жоланованың аяғы ауыр екені жайлы қауесет тарағанымен, өнер иесі бұл ақпаратты әлі күнге растамады.

Аян Өтепберген

Бірнеше күн бұрын отандық актер Аян Өтепберген де отбасы құрды. Өнер иесі ақтөбелік Аружан есімді аруды өзіне жар етті.

Аян Өтепберген
Аян Өтепберген сүйіктісімен. Видеодан кадр: instagram.com/otepbergen.ayan_fc

"Аянда үлкен жаңалық. Оған спектакль қатты әсер етті. Таңдауы театрдан емес, сырттан. Біз білдік. Бірақ өнерден алыс емес", - деді Асхат Маемиров.

Нұрболат Қанай

Көпшілікке Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай да биыл маусым айында отау құрды.

Нұрболат Қанай келіншегімен
Нұрболат Қанай келіншегімен. Скриншот: tiktok.com/@yegemberd1eva00

Өнер иесінің таңдауы жетісайлық аруға түскен.

Нұрболат Қанай жұбайымен
Нұрболат Қанай жұбайымен. Фото: instagram.com/izimov_studio

Әнші жақында сұқбат беріп, шаңырақ көтергелі өмірінде қандай өзгеріс болғанын айтты.

Әнуарбек Жалел

Биыл маусым айында белгілі журналист әрі тележүргізуші Әнуарбек Жалел де екінші рет отбасын құрды.

Әнуарбек Жалел жұбайы Дариғамен той үстінде
Әнуарбек Жалелдің үйлену тойы. Фото: instagram/nurseiitzhylkyshybai

Айта кетейік, тележүргізушінің таңдауы Дариға есімді аруға түскен.

Еске салайық, Әнуарбек Жалел 2017 жылы әріптесі Айгерім Есенәлімен көңіл қосқан болатын. Алайда бір жарым жыл бұрын екі тележурналистің жолы екіге айырылғаны анықталды. Әнуарбек Жалел мен Айгерім Есенәлінің ортақ бір қызы бар.

Қыран Талапбек

Биыл танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбек те екінші рет шаңырақ көтерді.

Гүлзада Тұрлаш пен Қыран Талапбек
Гүлзада Тұрлаш пен Қыран Талапбек. Фото: instagram/gulzada_tl

Оның таңдауы Гүлзада Тұрлаш есімді аруға түскен.

Қыран Талапбек үйленді
Қыран Талапбек үйленді. Фото: instagram.com/kabdol

Еске сала кетейік, Қыран Талапбек 2020 жылы әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың ортақ ұлы бар.

Қуаныш Бейсеков

2023 жылдың сәуірінде "Ирина Кайратовна" тобының клиптеріне режиссерлік еткен Қуаныш Бейсеков те отандық актриса Ғазиза Тілеубаймен мешітте некесін қидырды.

Қуаныш Бейсеков пен Ғазиза Тілеубай некесін қидырды
Қуаныш Бейсеков пен Ғазиза Тілеубай. Скриншот: instagram.com/kukabeisek

Ал жақында режиссердің жұбайы аяғы ауыр екенін көпшілікке мәлім етті.

Заңғар Нұртас

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас та қараша айында қайта шаңырақ көтерді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналып, жас келіннің бетін айтыскер Жандарбек Бұлғақов ашты.

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Заңғар Нұртас сүйіктісімен. Фото: instagram.com/zangaar

Заңғар Нұртастың таңдауы шымкенттік аруға түскен.

Тойда кеш қонақтарына салмағы 13 келі болатын бес қабатты торт ұсынылды.

Маманның айтуынша, тортты дайындауға бір ай уақыт кеткен. Ал зәулім тәттінің бағасы жеңілдікпен 300 мың теңгеге шыққан.

Заңғар Нұртастың үйлену тойы
Ақерке Тәжібаева жас келін Индирамен. Фото: instagram.com/akerke_tazhibayeva

Ал Заңғар Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков отандық бағдарламада кіші келінінің қалыңмалына 10 мың доллар бергенін айтты.

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Скриншот: instagram.com/gulziraaidarbekova

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртастың інісі Заңғар алғаш рет 2022 жылы наурызда шаңырақ көтерді. Жас әнші тоғыз жыл кездескен сүйіктісіне үйленген болатын. Алайда көп ұзамай олар ажырасып кетті.

Мерей Әбілова

Биыл 19 қарашада жастар арасында кеңінен танымал блогер Мерей Әбілованың да үйлену тойы дүркіреп өтті. Желі жұлдызының таңдауы Димаш Қашкен есімді футболшы жігітке түскен.

Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен
Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен. Фото: Instagram/abilovva_m

Блогер арудың үйлену тойы Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен. Үлкен тойға дейін жастардың некелесу салтанаты болды. Оған жас жұбайлардың ет-жақындары ғана қатысқан.

Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен
Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен. Фото: Instagram/abilovva_m

Сондай-ақ үйлену той кезінде жас жұбайларды әйгілі Jah Khalib келіп құттықтап қайтқан. ТМД елдерінде аса танымал әнші оларға ақ тілегін жолдап, хит әндерін орындап берген.

Индира Еділбаева

Биыл тамыз айында отандық әнші әрі актриса Индира Еділбаева да тұрмысқа шықты.

Индира Еділбаева
Индира Еділбаева. Фото: instagram.com/indi_edilbayeva

Өнер иесінің таңдауы The Limba, Moreart, Liili сынды отандық әртістердің менеджері Камалдин Камирдиновке түскен.

Индира Еділбаева
Индира Еділбаева. Фото: instagram.com/indi_edilbayeva

Камалдин сәуір айында Балиде әншіге үйленуге ұсыныс жасаған.

Ал қыркүйек айында әншінің тойы өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052039-erke-qyran-zanar-men-kamsat-biyl-sanyraq-koterip-zana-omirge-qadam-basqan-tanymal-zuldyzdar-kim-foto-video/

pixel