Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы басталды: онлайн-трансляция

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев сот залында: nur.kz / Айгерим Аскарова

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның бауыры Бақытжан Байжановқа қатысты кезекті сот отырысы басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сот процесі Жоғарғы соттың YouTube-каналында онлайн көрсетіліп жатыр.

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Айыпталушылар – күйеуі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов.

3 сәуірде айыпталып жатқан Бишімбаев куәгерлігін жалғастырды. Ол Салтанат қайтыс болған күні не болғанын баяндады.

Сондай-ақ ол Нүкенованың қайтыс болар алдында өзі құлап, біраз жарақат алғанын айтты.

Сонымен қатар судья Айжан Құлбаева сотты адастыруға әрекеттенген Бишімбаевтың адвокаттарына шара қолданатынын айтты.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078666-eks-ministr-quandyq-bisimbaevqa-qatysty-kezekti-sot-otyrys-bastaldy-onlain-translyaciya/