Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты: онлайн-трансляция

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаты
Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаты. Фото: t.me/Jogargy_sot

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сот отырысы Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық режимде өтуде.

Онлайн-трансляцияны Жоғарғы соттың YouTube-тегі ресми арнасынан кез келген адам көре алады. Кезекті сот отырысы сағат 14:30-да басталды.

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары оның қойын дәптеріне Нүкенова жазған "қолхатты" оқыды. Бишімбаевты қорғаушылардың бұл айғағы судьяны таңғалдырды.

Сондай-ақ сотта Бишімбаев жедел жәрдем шақырмай, неліктен көріпкелге хабарласқаны, Нүкенованы мейрамханада шашынан сүйрегені туралы сұрақтарға да жауап берді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080895-quandyq-bisimbaev-isi-boiynsa-sot-otyrysy-qaita-zalgasty-onlain-translyaciya/