Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нүкенова қылғындырудан қайтыс болған ба: сарапшының жауабы

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сарапшы Нүкенованың жарақаттарын көрсетуде
Сарапшы Нүкенованың жарақаттарын көрсетуде. Видеодан кадр: Youtube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта сарапшы Тахир Халимназаров судьяның Салтанат Нүкенова қылғындырғаннан қайтыс болуы мүмкін бе деген сауалына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Ешқандай бассүйек-ми жарақаты жарақаты болмаса, жәбірленуші қылғындырғаннан қайтыс болуы мүмкін деп айтуға бола ма?" - деп сұрады судья.

"Іс жүзінде, иә, егер бассүйек-ми жарақаты белгілері болмаса да, сарапшы осылай да бекітуі мүмкін еді. Өйткені асфиксия механизмінің барлық компоненті бар: бұл саусақ орны бар сыртқы жарақаттар, мойын бұлшықеттеріндегі ішкі қан кету, қан кету түріндегі жедел гипоксия", - дейді сарапшы.

Сарапшы қорытынды бойынша жедел гипоксиялық жағдайдың даму белгілері және механикалық асфиксия белгілері барын хабарлады.

"Мен қорытындыны бұл жағдайда өлімнің себебі бастапқы тексеру бойынша бассүйек-ми жарақатынан деп анықталғанын жаздым. Сондықтан баға бере алмаймын. Бірақ қазіргі қойылған сұрақ бойынша, бассүйек-ми жарақаты болмаған жағдайда. Мен былай дер едім, иә, бұл өлімге әкелуі мүмкін", - деді Халимназаров.

Ол қылғындыру нәтижесі белгісіз екенін айтты. Сарапшы қылғындыру денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтай алмайды, өйткені өлім бассүйек-ми жарақатынан болғаны белгілі.

Бүгін түске дейін Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы жалғасқан болатын. Түстен кейін сот отырысы қайта жалғасты.

Сотта Нүкенова қаза болған түні жұмысшы мен BAU қызметкерінің алмасқан хаты оқылды.

Кейін Нүкенова қайтыс болған күні мейрамханада Бишімбаевтан жауап алған сәттің видеосы көрсетілген еді.

Сондай-ақ сот отырысы барысында сот-медициналық сарапшы Бишімбаев Нүкенованы қылғындырған болуы мүмкін екенін айтқан.

Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081654-nukenova-qylgyndyrudan-qaitys-bolgan-ba-sarapsynyn-zauaby/