Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боксшы Назым Қызайбай Азия ойындарын жеңіспен бастады

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай Азия ойындарында
Назым Қызайбай Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Азия ойындарын жеңіспен бастады. Бұл қазақстандық боксшылардың Азиададағы қатарынан төртінші жеңісі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әйелдер арасындағы 51 келіде бақ сынап жатқан отандасымыз непалдық Таманг Сусманы айқын басымдықпен жеңіп (5:0), келесі айналымға шықты.

Еске сала кетейік, Назым Қызайбай - бокстан екі дүркін әлем чемпионы және 2021 жылғы Азия чемпионатының алтын жүлдегері.

Айта кетейік, бүгін 27 қыркүйекте Қазақстан қоржынына алғашқы алтын салынды. Қазақстандық мергендер Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина стенд атудан skeet бағдарламасы бойынша командалық жарыста бірінші орынды иеленді.

Оған қоса ел қоржынында екі күміс, алты қола жүлде бар.

Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдесіне ие болды.

Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін салды.

Жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанса, қазақстандық мергендер Асадбек Назиркулов, Бахтияр Ибраев және Андрей Худяков күміс жүлдеге ие болды.

Кеше, 26 қыркүйекте Эльмир Әлімжанов шпагамен семсерлесуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038351-bokssy-nazym-qyzaibai-aziya-oiyndaryn-zenispen-bastady/