jitsu gif
Спорт

    Алтыншы алтын: Өнер Сейілхан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

    Өнер Сейілхан
    Өнер Сейілхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстандық боксшы Өнер Сейілхан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    71 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Өнер Сейілхан финалда колумбиялық Муневар Морено Джастинге қарсы кездесу өткізді.

    Айта кетейік, кеше, 2 қарашада Будвада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жігіттер арасында Төрехан Сабырхан (67 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), қыздар арасында Аружан Зейноллаева (81 кг) өнер көрсетіп, үшеуі де алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Сондай-ақ бүгін, 3 қарашада Элянұр Тұрғанова (50 кг) мен Бексұлтан Боранбек (51 кг) алтын медаль жеңсе, Ұлдана Таубай (66 кг) күміс медальге қол жеткізді.

    Нәтижесінде Қазақстан құрамасы бұл әлем чемпионатында 6 алтын, 1 күміс, 10 қола жүлде еншіледі.

    Алтыншы алтын: Өнер Сейілхан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.