jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ баласы Нұрлыхан Шархан жапондық Олимпиада чемпионын ұтып кетті

    Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында
    Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Азия ойындарында дзюдодан ел намысын қорғап жатқан Нұрлыхан Шархан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Дзюдодан 100 келіде өнер көрсетіп жатқан Нұрлыхан Шархан 1/4 финалда Токио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы (2017) жапон Аорон Вольфты жеңіп кетті.

    Бұған дейін қазақстандық спортшы Бахрейн өкілі Зелимхан Башаевты ұтып кеткен.

    Енді жартылай финалда Нұрлыхан Шархан өзбекстандық әлем чемпионы Музаффарбек Туробоевпен күреседі.

    Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге бір күміс, бес қола иеленді.

    Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдесіне ие болды.

    Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін түсірді.

    Оған қоса жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанды.

    Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

    Қазақ баласы Нұрлыхан Шархан жапондық Олимпиада чемпионын ұтып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.