Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: қазақстандық жүзгіштер Азия ойындарының финалына шықты

Опубликовано:

Жүзгіш жүзіп барады
Жүзгіш Фото: olympic.kz

Қытайдық Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр. Бүгін қазақстандық жүзгіштер тартысты жарыста өнер көрсетіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әйелдер арасында 200 метрге шалқалап жүзуден қазақстандық Ксения Игнатова жетінші болып келді.

Ал Дина Тасжанова 400 метр қашықтықта еркін жүзуден төртінші орынды иеленді.

Нәтижесінде отандық спортшылар Азия ойындарының финалына шықты.

Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге бір күміс, бес қола иеленді.

Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдесіне ие болды.

Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін түсірді.

Оған қоса жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038128-aziada-2023-qazaqstandyq-zuzgister-aziya-oiyndarynyn-finalyna-syqty/

pixel