Нысана көздеуден Азия ойындарына қатысқан қазақстандық мергендер Асадбек Назиркулов, Бахтияр Ибраев және Андрей Худяков күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық спортшылар 10 метрге жылжымалы нысана көздеуден топтық жарыста күміс жүлдеге ие болды.
Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге бір күміс, бес қола иеленді.
Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдесіне ие болды.
Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін түсірді.
Оған қоса жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038134-qazaqstandyq-mergender-aziya-oiyndarynyn-kumis-zuldesine-ie-boldy/