Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Крокус Сити Холл" концерттік залда болған теракт: 15 жастағы жасөспірім жүзден астам адамды құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

Ислам
Ислам. Фото: t.me/breakingmash

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратының гардеробында толық емес жұмыс режимімен қызмет істеген 15 жастағы оқушы теракт кезінде 100-ден астам адамға ғимараттан эвакуациялануға көмектескен, деп хабарлайды SHOT Telegram арнасы.

Ислам есімді сегізінші сынып оқушысы Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерттік залда болған теракт кезінде адамдардың эвакуациясын өз бақылауына алып, атыс кезінде адамдарды ғимараттан аман алып шыққан.

Теракт кезінде жасөспірім көп адамның үрейленіп, тығырыққа тірелгенін байқаған. Ол көпшілікті түтіннің арасынан кеңсе бөлмелері арқылы өткізіп, сол жерден әрі қарай көшеге шығара алды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Жас жігіт Mash Telegram арнасына берген сұхбатында жай ғана өз жұмысын атқарып жүргенін айтты. Оның сөзінше, барлық қызметкерге төтенше жағдай кезінде не істеу керегі түсіндірілген нұсқаулық берілген, ол тек сол нұсқаулықтарды орындаған.

Студент бос уақытында гардеробта жұмыс істейді және "Спартак" балалар командасында футбол ойнайды.

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холлда" болған теракт

22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оқиғаның видеосын жариялаған. Оқиға орнында жарылыс болғаны да хабарланды.

Ресейдің Тергеу комитеті атыстан 115 адам қаза тапқанын, құрбандар саны артуы мүмкін екенін мәлім етті.

Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі басшысы Александр Бортников Владимир Путинге ғимаратына террорлық шабуыл жасаған 11 адамның, оның ішінде Крокус-Сити Холлдағы терактіге тікелей қатысы бар төрт террористің де ұсталғаны туралы баяндады.

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

23 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізді.

Кейін Владимир Путин қайғылы оқиғадан кейін ресейліктерге видеоүндеу жасады. Ресейде 24 наурыз ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Бұдан бөлек бүгін сұлулық байқауының жеңімпазы "Крокус Сити Холл" концерт залына жасалған теракт кезінде қаза тапқаны хабарланған болатын.

Оған қоса 24 наурызда Ресей тергеу комитетінің төрағасы "Крокус Сити Холл" концерт залында лаңкестердің бірін жанкештікпен көзін жойған адамды ведомстволық наградаға ұсыну туралы тапсырма бергенін жазған едік.

Сондай-ақ бүгін "Крокус Сити Холл" қожайыны терактіге қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ал Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов Астанадағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072787-krokus-siti-xoll-koncerttik-zalda-bolgan-terakt-15-zastagy-zasospirim-zuzden-astam-adamdy-qutqaryp-qaldy-video/

pixel