Қазақстанның жаңа министрлері: Үкімет құрамы қалай өзгерді (фото)
Жарияланған күні:
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі туралы қаулыға қол қойды. Ал бүгін президент Жарлығымен Үкімет құрамына жаңа министрлер тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Олжас Бектенов еліміздің премьер-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Әлихан Смайылов атқарған болатын.
"Артылған сенімді ақтаймын. Менің кандидатурамды қолдағаны үшін депутаттық корпусқа алғыс айтамын. Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық дамуы бағытында нақты тапсырмалар берді. Бұл тапсырмалар орындалады. Бізге жаңа экономикалық серпін керек. Шын мәнінде жедел әрі шешуші шаралар қабылдау қажет. Өнеркәсіп, мұнай және басқа да маңызды салалар сияқты салаларға баса назар аударылатын болады", – деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды.
Ал Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды.
Ішкі істер министрлі лауазымына Ержан Сәденов қайта тағайындалды.
Бүгінгі тағайындауда президент Ғалымжан Қойшыбаевты премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындады.
Ал Роман Васильевич Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымында қалды.
Айбек Дәдебаев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Тамара Дүйсенова да премьер-министрдің орынбасары лауазымына қайта тағайындалды.
Дәл осылай Серік Мақашұлы Жұманғарин да премьер-министрінің орынбасары лауазымына қайта сайланды.
Ал Мәди Такиев қаржы министрі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ президент Жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі болып қайта тағайындалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрлігі лауазымына Ақмарал Әлназарова тағайындалды.
Айдарбек Сапаров та ауыл шаруашылығы министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Шыңғыс Әрінов келді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып Бағдат Мусин қайта тағайындалды.
Тоқаев оқу-ағарту министрі лауазымына Ғани Бейсембаевты қайта тағайындады.
Ал Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.
Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Ерлан Нысанбаев тағайындалды.
Бүгінгі президент тағайындауында Саясат Нұрбек те ғылым және жоғары білім министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Сол секілді Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Өз лауазымына қайта тағайындалғандар қатарында Аида Балаева да бар. Ол мәдениет және ақпарат министрі қызметіне қайта кірісті.
Ермек Маржықпаев та туризм және спорт министрі лауазымын сақтап қалды.
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев та өз қызметіне қайта тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.
Ал Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың отставкасын неліктен қабылдағанын түсіндірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059504-qazaqstannyn-zana-ministrleri-el-ukimetinin-quramyna-kimder-kirdi-foto/