Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты: онлайн-трансляция

Опубликовано:

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев
Айыпталушы Қуандық Бишімбаев: NUR.KZ / Әйгерім Асқарова

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Ол Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube-тегі арнасында онлайн режимде трансляцияланады. Отырыс сағат 10:00-де басталды.

Еске салсақ, өткен аптада сотта Салтанат Нүкенованың телефоны тексерілген болатын. Мемлекеттік айыптаушы марқұмның телефонындағы жазбаларды оқып берді. Солардың бірінде Нүкенова Бишімбаевтың опасыздығы үшін кешірім де сұрамағанын жазған.

Бұған қоса айыпталушы Бишімбаев сотта жауап беруін жалғастырды. Ол Салтанат қайтыс болған күні не жағдай болғанын айтып берді. Сондай-ақ ол сотта Нүкенованы қайтыс болған күні қалай ұрғанын айтты.

Сондай-ақ сотта Бишімбаев Нүкенованы ұрып-соққаны түсірілген кадрлар көрсетілді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080607-eks-ministr-quandyq-bisimbaevtyn-soty-onlain-translyaciya/

pixel