Білімі
Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін 2011 жылы "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
2013 жылы аталған университетте "Аймақтану" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистр дәрежесін алды.
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті базасында "Халықаралық аймақтану" мамандығы бойынша Шанхай ынтымақтастығы ұйымы университетінің магистрлік бағдарламасын бітірді (2012).
Еңбек жолы
Еңбек жолын 2008 жылы студенттерге арналған республикалық "Универ" танымдық журналында автор ретінде бастады.
Университет қабырғасынан бастап "Түркістан" газеті, Abai.kz, Masa.kz ақпараттық порталдарында мақалалары жарық көріп тұрды.
Сондай-ақ, 2010 жылы аймақтық "Жетісу" телеарнасында жаңалықтар бөлімінде тәжірибеден өтті.
2015-2016 жылдары Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы болды.
KAZ.NUR.KZ порталында 2016 жылдан бері қызмет етеді.